Белорус достық және шет елдермен мәдени байланыс қоғамында Абай Құнанбаевтың өлеңдері белорус және қазақ тілдерінде оқылды

None
АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат - Абайдың туғанына 165 жылдығына орай Минскіде Қазақстанның Белорустегі Елшілігі Белорус достық және шет елдермен мәдени байланыстар қоғамымен және Минскідегі «Атамекен» халықаралық қоғамдық бірлестігімен бірге халқымыздың ұлы кемеңгеріне арналған «Абай белорустар жүрегінде» тақырыбымен әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды.

Кеште «Полымя» әдеби-шығармашылық журналында белорус тіліне аударылып, басылып шығарылған Абайдың өлеңдері оқылды. Қонақтар алдында сөйлеген аударма авторы - Белорус Жазушылар одағының хатшысы, Белорус Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Полымя» журналының бас редакторы Николай Метлицкий қазақ ақынының шығармасына сүйсінісін жасырмады. Оның айтуынша, Абай шығармалары қазақ халқының терең сезімді жан-дүниесін ашып көрсетеді және мәні жағынан белорустық белгілі ақын Янка Купаланың өлеңдеріне өте ұқсас, бұл тәуелсіздік алу жолдарындағы біздің халықтарымыздың тағдырына да ұқсайды.

Қазақстанның Белорустегі Елшісі Анатолий Смирнов өз кезегінде Абайдың шығармашылығы уақытқа тәуелді емес және жағрафиялық тұрғыда шекарамен шектелмейді: Абайдың құдіретімен әлем Қазақстанды таниды, қазақ халқы әлемді таниды, деп атап өтті.

Көрермендер арасында белорустық парламент депутаттары - Қазақстан парламентімен ынтымақтастық жөніндегі жұмысшы тобының мүшелері, «Беларус-Қазақстан» достық қоғамының басқарма төрағасы - Белорус аграрлық техникалық университетінің ректоры Николай Казаровец, шығармашылық зиялы қауымның, белорустық БАҚ-тардың, қазақ диаспорасының өкілдері, Минскіде оқып жатқан қазақстандық студенттер және Минскідегі М. Әуезов атындағы орта мектептің оқушылары болды, олар Абайдың туған тілінде және белорусша аударылған өлеңдерімен танысып, құмардан шыққанша тыңдау бақытына бөленді.

Қазақстандық студенттердің домбырада орындаған Абай әуендері ешкімді бей-жай қалдырмады.

Абайдың өлеңдеріне жазылған, белорустық композитор Олег Черкун әуенін шығарған Белмемфилармония әншісі, халықаралық конкурстардың лауреаты Нелли Дущинская орындаған әндер көрермендерді тәнті етті.