Бейжіңде Наурыз мейрамының құрметіне футболдан турнир өтті
14:17, 05 Сәуір 2010
БЕЙЖІҢ. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бейжіңде тіркелген Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Түрікменстан, Беларус дипломатиялық миссиялары мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы хатшылығының өкілдері өткен сенбі күні Наурыз мейрамына арналған футбол турниріне қатысты.
Айналма жүйе бойынша ұйымдатырылған турнирдің қорытындысы бойынша, бірінші орынды беларус футболшылары жеңіп алды. Ал екінші орынды - Шанхай ынтымақтастық ұйымы хатшылығының құрамасы иеленсе, үшінші орынды Түрікменстан құрамасы қанағат тұтты.