Бір ай бұрын сумен шайылып кеткен «Сарыөзек-Үштөбе-Тауарасы-Майтөбе» учаскісіндегі темір жолдар қалпына келтірілген жоқ

None
АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат - Қардың көптеп еруі мен жиналған судың салдарынан осыдан бір ай бұрын шайылып кеткен Алматы облысы Көксу ауданы «Сарыөзек-Үштөбе-Тауарасы-Майтөбе» учаскісіндегі темір жолдарды қалпына келтіру әлі күнге дейін мүмкін болмай отыр.

Бұған дейін хабарланғандай, жарамсыз күйге түскен аталмыш учаскедегі болат жолдармен пойыздардың қозғалысына тыйым салынды.

Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, өткен сәрсенбі, сәуірдің 7-сі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша, табиғи апат орнында қалпына келтіру жұмыстары жалғастырылуда. Төтенше жағдайды жоюмен Астана қаласы «Теміржолқұрылыс» АҚ-ның 40 адамы мен 10 техникасы айналысып жатыр.

Бағдарлық пойыздардың қозғалысы Алматы-Шу-Саяқ-Ақтоғай бағыттары бойынша айналма жол арқылы жүзеге асырылуда.