Бірінші тоқсанда елімізде 18 пайызға жуық ауруханалық төсек-орындар пайдаланылмаған

None
nbsp;Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Елімізде адамның күндік ауруханаға жатуы жалпы әлемдік көрсеткіштен асып отыр.

Бүгін Астана қаласының алдағы даму жөніндегі сәулет-құрылыс кеңесі барысында Денсаулық сақтау саласындағы жаңа жүйені сынға алған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің ауруханалар құрылысы мен оларды жабдықтау жоспарын асыра орындағанымыз соншалықты, тіпті кейбір ауруханалар бос тұр. Ол жаққа ешкім де барып жатқан жоқ. Жаңа жүйеге сәйкес адамдардың емделу орнын таңдай алатыны мәлім. Осыдан белгілі болғандай, біз ауруханалардағы төсек-орындары мен қондырғыларын артығымен орындағанбыз. Бізде адамның күндік ауруханаға жатуы жалпы әлемдік көрсеткіштен асып отыр. Бұны қалай түсінуге болады. Астананың айналасының бәрі аурухана. Бұл қалай», деді Н. Назарбаев Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке қаратып айтқан сөзінде.

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрі бірінші тоқсандағы көрсеткіш бойынша елімізде шындығында да 18 пайызға жуық ауруханалық төсек-орындарының пайдаланылмағанын атап өтті.