Бірінші жаңғыру ең ауыр еді - тариxшы Дүкенбаева
«Жаһандық бәсекелестіктің өсуі және әлемдегі тұрақсыздық жағдайында Елбасының Жолдауы қазақстандықтар ұстанған стратегияның өзектілігін арттыра түсетіні анық. Себебі биылғы Жолдаудың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» деп аталуының өзіндік мәні бар. Біз Тәуелсіздік алған 1991 жылда бірінші жаңғыртуды басымыздан өткерген едік. Өйткені жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өттік. Ал одан кейінгі 2030 стратегиялық бағдарламаның қабылдануы бұл біздің екінші жаңғыруымыз деп есептелінеді. Бүгінгі үшінші жаңғыру ол - дамыған 30 елдің қатарына кіру міндеті. Табысты өткен екі жаңғырту арқылы бүгінде Елбасының бастамасымен сіздер мен біздер үшінші жаңғыртуды бастауға тиіспіз. Бұл қазіргі жаһандық қатерлермен күрес жоспары емес, ол «Қазақстан - 2050» стратегиясының мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ», - дейді ғалым Дүкенбаева.
Оның айтуынша, Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап Президенттің жолдаулары Қазақстан xалқына бағыт-бағдар беріп, болашаққа нық сеніммен қарауға мүмкіндік берді.
«Бағытымызды жандырған бұл Жолдау өзінің кемеңгер Елбасымен бірге тәуелсіз Қазақ елін әлі талай зор жетістіктерге жеткізіп, биік шыңдарға, толағай табыстарға жеткізеді деп сенеміз», - деп атап көрсетті профессор.