Бішкек кенешінің депутаттары қырғыз астанасының тұрғындарына үндеу қабылдады

None
БІШКЕК. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Бішкек қаласы мэрінің міндетін уақытша атқарушы Иса Өмірқұлов Бішкек қалалық кенеші депутаттарының шұғыл кеңесі барысында қырғыз астанасындағы жағдайды қысқаша айтып берді және халық қалауларының оны реттеуге көмектесуін сұрады.

Өз кезегінде депутаттар қала өкімет орындарына өздерінің талаптарын айтты. Атап айтқанда, бішкектіктер қала көшедеріндегі тәртіпті орнына келтіруді, халықтың қолындағы заңсыз қаруды тезірек жинап алу шараларын қолға алуды, жерлерді және жеке мүліктерді басып алуға жол бермеуді, медицина мекемелерін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, балалар мен жалпы білім беретін мекемелердің қауіпсіз жұмысын қалпына келтіруді сұрады.

Бұдан басқа, қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қаза болғандарды жерлеу шараларын қамтамасыз ету қажет.

Кеңестің қорытындысында депутаттар қала тұрғындарына үндеу қабылдады.

«Біздің өкішінімізге орай, біз қайғылы түнді бастан өткіздік. Қалада тонаушылық орын алды. Бірақ та бүгін біз талан-таражға ұшыратушылықтың екінші толқыны өріс алмауына бар күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз. Біз астананың барлық тұрғындарын халық жасақшыларын құруға шақырамыз. Біздің үйлерімізде қайтадан тыныштық орнауына барлық күшімізді жұмсауымыз қажет. Біз халықтық үкіметке сөзімізді арнаймыз: бізге қалада тәртіп орнатуға көмектесіңіздер...Бәріміз бірге Бішкекте тыныштықты сақтап қалайық», делінген үндеуде.