Біз түрлі идеяларды, тіпті ұзақ жылдар бойы қараусыз жатып қалған идеяларды талқылауға әзірміз - Д.Медведев

None
СКЕМЕН. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - «Біз түрлі идеяларды, тіпті ұзақ жылдар бойы қаралмай жатып қалған идеяларды талқылауға әзірміз», - деп мәлім етті Ресей басшысы Дмитрий Медведев Өскемен форумының пленарлық отырысында Қазақстан Президенті жария еткен бастамаларға қатысты жауабында.

Ресей Президенті сондай-ақ, екі ел азаматтарының шекара арқылы жүріп-тұруын оңайлатуға жағдай жасайтын дербес бірлескен тетік жасау туралы Қазақстан Президентінің ұсынысымен келісті.

Д.Медведев, бұл мәселеде қарапайым адамдардың өзара қарым-қатынас жасауына кедергі болып отырған төрешілдіктің, қағазбастылықтың өте көп екенін атап көрсетті. Ол сондай-ақ, осы үдерістердің бәрін, оның ішінде нақты ынтымақтастық үдерісін қадағалап отыратын қандай да бір «бірлескен заманауи бақылау тетігін» құру қажеттілігі туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясын қолдады. «Біз форумнан форумға дейін жұмыс істейтін сияқтымыз. Шекара ынтымақтастығы форумдарында (бұл осымен жетінші кездесу) қол жеткізілген барлық келісімдер бақылауға алынуы және жүзеге асырылуы тиіс. Өскемендегі бүгінгі форумның нақты нәтижелер беретіндігіне сенімдімін», деп атап көрсетті Ресей Президенті.

Ал техникалық реттеудің бірлескен нормаларын әзірлеу жөніндегі Қазақстан Президентінің бастамасына қатысты Д.Медведев: «біз Еуроодақ елдерінің регламенттерін тікелей қолдануға рұқсат еттік, сіздер де сөйтіңіздер», - деп тұжырымдады.