Бизнестің жаңа бастамаларын ынталандырудың маңызы зор -Үкімет басшысы

None
nbsp;Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бизнестің жаңа бастамаларын ынталандырудың маңызы зор. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің бірінші жалпы отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізетін, жаңа жұмыс орындарын ашуға жәрдемдесетін жаңа бизнестік бастамаларды ынталандырудың маңызы зор. Мемлекет басшысының Жолдауынан кейін бұл бағытта Үкіметте бірқатар кеңестер өткізілді. Сондықтан да Мемлекет басшысы қолдаған жағдайда Үкімет бизестің тың бастамаларын ынталандыру үшін бірқатар құралдарды іске қоспақ. Атап айтқанда, кәсіпорынды модернизациялау және жаңа өндірісті шығаруға мақсат қойылған жағдайда пайыздық ставканы субсидиялау және кредитті кепілдендіру қолға алынады. Өндірістік өнеркәсіп алаңдары, өндірістік инфрақұрылымдарды кеңейтуге, бизесті жүргізуге жүйелі қолдаулар жасалады. Мұнымен қоса маман даярлаудың жаңа жүйесі іске қосылады», деді К. Мәсімов.

Премьер-Министрдің айтуынша, Үкімет қолдайтын мұндай тың бастамалар ұлттық экономиканы дамыту үшін аса маңызды шара болып табылады. «Бұл шара өз кезегінде индустриялық-инновациялық дамуды да толықтыра түседі», деді К. Мәсімов.