«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы кәсіпкерлер жұмысына тың серпін беретін болады

None
ОРАЛ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына сәйкес шағын және орта бизнес жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік туады, бұл кәсіпкерлер жұмысына тың серпін беретін болады.

Бұл туралы Орал қаласындағы «Василец» ЖШС-ындағы «Нұр Отан» ХДП бастауыш партия ұйымының төрайымы Қарлығаш Нығметова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, осы жұмыстардың бәріне «нұротандықтар» атсалысатын болады. Бастауыш ұйым 2003 жылы алғаш құрылған кезде құрамында үш-ақ адам болса, қазір олардың саны 27-ге жетті. Бұл ретте ұйымның сапалық құрамын нығайтуға ерекше назар аударылуда. Бастауыш ұйым атқаратын барлық шараларға «Нұр Отан» ХДП мүшесі, кәсіпорын басшысы, облыстық мәслихаттың депутаты Алексей Василец қолдау көрсетіп отырады. Елбасы Жолдауына сәйкес бастауыш ұйым алдағы уақытта да өз жоспар-мақсатын жүзеге асыра беретін болады.