БҚО-да еріген қар суы жолдың үстіне шығып кетті
13:47, 29 Наурыз 2018
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында еріген қар суы жолдың үстіне шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашевтің айтуынша, оқиға кеше түстен кейін аудан орталығы Сайқын ауылынан 91 шақырым жерде, Бисен ауылдық округі аумағында облыстық маңызы бар Чапаев-Жаңақала-Бисен жолы бойында орын алды.
Қар қатты ерігендіктен, жол асты құбырынан өтіп үлгермеді ме, су екі сағаттай жолдың үстімен өткен. Бірақ одан жол қатынасына аса бір қауіп төне қойған жоқ. Кеше кешкісін барып қараған мезгілде жолды жабу қажетсіз деп табылды. Қазіргі кезде автокөліктер тоқтаусыз өтіп жатыр.