БҚО-да «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы орындалуда

None
ОРАЛ. 2 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Жаңақала ауданында «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы орындалуда.

Аудан әкімі Лавр Хайретдиновтың айтуынша, бағдарламаның үш бірдей бағыты бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2011 жылы бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамту орталығын» құру жұмыстарына 5,8 млн. теңге бөлінсе, 2012 жылы өз бетімен жұмыстанушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқытуға және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге - 13484,6 мың теңге, ауылда кәсіпкерлікті дамытуға - 52978,0 мың теңге, еңбек көздерінің ұтқырлығын арттыруға жеті отбасына 817,0 мың теңге қаралып отыр.

Бағдарламаның 1-бағыты бойынша 42 адам қайта даярлау, 11 адам біліктілігін арттыру курсын тәмамдап, олар жұмысқа орналаспақшы.

Бағдарламаның 3-бағыты - еңбек көздерінің ұтқырлығын арттыру, экономикалық әлеуеті төмен елді мекенге жататын Жаңажол ауылдық округінің Теңдік елді мекенінен үш отбасының құжаттары аудандық комиссия отырысында қаралып, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына жолданды.

Бағдарламаға байланысты жұмыстар биыл да жалғасады.