Бүгін Қазақстанның барлық өңірінде дерлік күшті желдер тұрады - Қазгидромет
08:32, 08 Қыркүйек 2010
СТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, қыркүйектің 8-і күні Қазақстанның басым аумағының ауа райына атмосфералық ағымдармен байланысты циклон әсер ететін болады.
Мәселен, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, күндіз Павлодар мен Қостанай облыстарында желдің 17-22 метр/секундқа дейін күшейуі күтілуде.
Қарағанды мен Қызылорда облысының кей жерлерінде ұйытқыма жел мен 15-20 м/с қашықтықта жел болжануда.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында, Атырау облысының жекелеген өңірлерінде 15-20 м/с екпінде жел тұрады.
Ал Қарағанды, Шығыс Қазақстан мен Алматы облысының кей жерлерінде бүгін қатты ыстық сақталады.