Бүгін Мәжілісте «Мүдделік қолдау қызметі туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді
13:05, 23 Ақпан 2010
АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат - Бүгін, түстен кейін Мәжілісте «Мүдделік қолдау қызметі туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл шараны Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті ұйымдастырады.
Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүдделік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да таныстыралады.
Аталған заң жобаларыбойынша құрылған жұмыс тобының жетекшісі Жақып Асанов болып бекітілген.
Заң жобасы жөнінде ҚР Әділет министрінің орыбасары Дулат Құсдәулетов баяндама жасап, түсінік береді деп күтілуде.