Бүгін - Сығандардың халықаралық күні
07:35, 08 Сәуір 2010
АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат - Бүгін - Сығандардың халықаралық күні. 1971 жылдың 8-ші сәуірінде бірінші Бүкілдүниежүзілік сығандар конгресі өткізілген. Осы конгресте Бүкілдүниежүзілік сығандар одағы құрылып, әнұраны мен туы қабылданады. Міне содан бері жыл сайын осы күні - Сығандардың халықаралық күні аталып келеді.
Сыған туралы алғашқы естеліктер 1501 жылы сыған таборының көсемі Васильдің Литва князі Александр Казимировичтен күзет грамотасын алған кезден бастау алады екен. Бүгінгі таңда аталмыш мереке ірі сыған ұйымдары бар 60-қа жуық елде жыл сайын атап өтіледі. Әдетте, бұл күні ромаллылар соғыстарда және лагерьлерде қаза болған барлық сығандарды еске алады. Қаза тапқан сығандарға арналған бірде-бір ескерткіш жоқ болғандықтан, олар бұл күні тоғандарының басына жиналып, соғыста жандарын пида еткен бауырларын еске алады және суға гүл шоқтарын лақтырады.