Бүгін күн райы қандай болады

Фото: Pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК синоптиктері 19 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы және жел күшеюі мүмкін. Солтүстік пен орталық өңірлерде нөсер жаңбыр жаууы ықтимал. Ал батыс пен оңтүстікте антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ел бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Қатты ыстық болатын өңірлер:

35-39°C: Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары, Абай және Жетісу облыстары, Қарағанды облысының оңтүстігі.

40-43°C: Қызылорда, Түркістан облыстары.

38-42°C: Жамбыл, Маңғыстау облыстары.

40-42°C (өте қатты ыстық): Алматы облысының батысы, солтүстігі мен орталығы, Жетісу облысының шығысы мен орталығы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының оңтүстігі.

43°C (өте қатты ыстық): Маңғыстау облысының оңтүстігі.

Жоғары өрт қаупі бар аймақтар:

Батыс Қазақстан, Атырау (солтүстік), Абай (солтүстік-батыс, орталық), Қостанай (оңтүстік-шығыс), Ақтөбе (солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс), Қарағанды (орталық, солтүстік, шығыс), Ұлытау (солтүстік), Ақмола (батыс, солтүстік, оңтүстік), Солтүстік Қазақстан (оңтүстік), Павлодар (оңтүстік, шығыс), Шығыс Қазақстан (оңтүстік, шығыс) облыстары.

Төтенше өрт қаупі бар өңірлер:

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жетісу облыстары, Жамбыл облысының батысы, оңтүстігі мен шығысы, Атырау облысының шығысы мен оңтүстігі, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігі, Ұлытау облысының оңтүстігі, шығысы мен орталығы, Ақтөбе облысының орталығы мен оңтүстігі, Қостанай облысының оңтүстік-батысы, Батыс Қазақстан облысының батысы, Абай облысының оңтүстігі.