Бүгін күндіз төрт, түнде бір қалада ауа ластанады
05:05, 20 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Қазақстанның қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады.
-2025 жылғы 20 шілдеде Атырау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында, түнде Қостанай қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, -делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Осыған дейін Абадан әлемдегі ең ыстық қалаға айналғаны тура жаздық.