Бұланды ауданында шағын кәсіпкерліктен жыл басынан бергі бюджетке түскен түсім 18 пайызға өскен
08:47, 08 Қыркүйек 2010
КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысына қарасты Бұланды ауданында ағымдағы жыл басынан бері шағын кәсіпкерліктен салық және басқа да төлемдер бойынша бюджетке 64 миллион теңге құйылған, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 18 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудан әкімі Ермек Нұғымановтың айтуынша, қазіргі кезде өз несібесін шағын және орта бизнес арқылы тауып отырғандар қатары 3 543 адамға жеткен. Өңірде құзырлы органдар арқылы тіркелген кәсіпкерлік нысандар бір жарым мыңнан астам. Жыл басынан бері кәсіпкерлік саласы бойынша өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет деңгейі 18 пайызға өсіп, 900 миллион теңгеге жеткен. Аудан басшысының мәлімдеуінше жыл өткен сайын шағын және орта бизнес жол бойындағы сервистік қызмет, құрылыс, сауда-саттық, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу, құрылыс саласында өркен жайып келеді.