БҰҰ Арал теңізінің проблемасын шешу үшін барынша көмектесетін болады

None
nbsp;АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - БҰҰ Арал теңізінің проблемасын шешу үшін барынша көмектесетін болады. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менің ойымша, қазіргі таңдағы ең басты міндет - Арал теңізінің одан әрі құрғауын тоқтату. Екінші қадам - осы өңірдегі экологиялық проблемаларды шешуге барлық қажетті күштерді жұмылдыру. Біз өз тарапымымыздан барынша көмек көрсету үшін бұл мәселеге қатысы бар БҰҰ-ның барлық органдары мен агенттіктерін тартуға тырысамыз», деді Пан Ги Мун.

Оның пікірінше, Арал теңізін құтқару жөніндегі бағдарлама ұжымдық болуы тиіс. Арал теңізінің проблемасы бір елдің басы ауруы болмауы қажет, бұл мәселені өңірдегі елдерде, бүкіл әлемдік қоғамдастықта бөлісулері тиіс. Осы орайда БҰҰ Бас хатшысы Арал теңізіндегі экологиялық апат өзін қатты қапаландырғанын атап көрсетті.

«Қазақстанның бұл проблеманы шешу жөніндегі халықаралық күш-жігерді басқаруға құқығы бар», деді ол.