БҰҰ Бас хатшысы Қазақстан Үкіметін адам құқықтары жөніндегі тәуелсіз мекеме құруға шақырды

None
әуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстан Үкіметін адам құқықтары жөніндегі тәуелсіз мекеме құруға шақырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен Қазақстан Үкіметін 2010 жылы ақпан айында әмбебап мерзімдік шолу кезінде айтылған, адам құқықтары жөніндегі тәуелсіз мекемелерді қосқандағы ұсынымдарды жүзеге асыруға шақырамын. Мен Президент Н. Назарбаев мырзаны және оның Үкіметін осындай мекемені құруға шақырамын», деді Пан Ги Мун бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Н. Назарбаевпен болған келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, сөз бостандығы мен БАҚ-қа толық кепілдік берілген кезде салауатты және белсенді азаматтық қоғам, сондай-ақ этникалық әртүрлілікке төзімділік пен толеранттылық жаңғырудың қуатты ілгерілетуші күші болып табылады. «Қазақстан халқы Ассамблеясында бұл үдеріске қатысып жатқан көптеген этникалық топтар бар. Бұл Қазақстан қоғамының қарқынды көшбасшылығы және әртүрлілігі», деді БҰҰ Бас хатшы.