БҰҰ-ның даму мақсатында көмек көрсету жөніндегі негізгі бағдарламасы аясында 79, 6 млн. доллар бөлу жоспарланып отыр

None
әуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - БҰҰ-ның 2010-2015 жылдарға арналған даму мақсатында көмек көрсету жөніндегі негізгі бағдарламасы аясында 79, 6 млн. доллар бөлу жоспарланып отыр.

Бұл туралы бүгін Ақордада БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен болған келіссөздерден кейінгі брифингте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасының айтуынша, Қазақстан Үкіметі сондай-ақ БҰҰ-ның жобаларын теңдей қаржыландыруға қатысып жатқанын, алдағы жылдарда жеті ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланып отрығанын жеткізді. «Бүгінде біздің елімізде БҰҰ жүйесінің қорлар мен бағдарламалардың 16 арнайы өкілдіктері жұмыс істеуде. Олардың көпшілігінің өңірлік және субөңірлік мәртебелері бар», деді Президент.