Буйнак маңында жанкешті іске қосқан жарылғыш құрылғының қуаты 40 киләға жуық тротил болды

None
АСТАНА. Қыркүйектің 5-і. ҚазАқпарат - Бүгін Буйнак қаласының түбінде жанкешті іске қосқан жарылғыш құрылғының қуаты 40 киләға жуық тротил болды, деп хабарлады РБК агенттігі.

Жедел қызмет өкілдері жарылыс орнынан жанкешті-лаңкестің мәйіті қалдығын тапты. Сондай-ақ автомобильдің тіркеу нөмірінің қалдықтары мен двигателі табылды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін мәскеу уақытымен 01:00 сағатта белгісіз адам «Жигули» автомашинасымен Буйнак түбінде орналасқан 136-шы мотоатқыштар бригадасының әскери бөлімінің қақпасына соғылды, іле-шала жарылыс болды. Лаңкестің шабуылы салдарынан 5 әскери қызметші қаза тапты, 39-ы жараланды. Бірнеше сағаттан кейін жедел-тергеу бригадасы лаңкестік жасалған жерге бара жатқан жолда жарылғыш құрылғы іске қосылып, екінші жарылыс болды. Ол жол жиегіне қойылған және милиционерлер мінген машина өтіп бара жатқанда жарылды.