Бүйрек тауының етегінде заңсыз сұңқар құс аулаумен айналысқан төрт сириялық азамат ұсталды
Олардың көліктерін тексеру кезінде Қызыл Кітапқа енгізілген тірі 7 сұңқар құс, 12 саджи тұқымдас құс тәркіленді. Осы жерде сондай-ақ, құс аулау үшін пайдаланылған 18 кептердің денесі және екі тор табылды.
Жүргізілген орнитологиялық сараптама табылған құстардың Қызыл кітапқа енген құстар екенін қуаттады.
«Анықталғандай, сириялықтардың бірі, 38 жастағы азамат, төлқұжатын жоғалтып алған болып шықты, оның қолында Алматы облысы Іле аудандық ішкі істер бөлімінің анықтамасы ғана болған. Ал ұсталған Қазақстан азаматтары (28-38 жастың аралығында) Алматы және Жамбыл облыстарының тұрғындары болып шыққан. ҚР Қылмыстық кодексінің 290-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде. Жоғалу қаупі төніп тұрған құстарды заңсыз аулағандары үшін үшін әлгілер 3 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.