Дағыстандағы темір жолда болған жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - Дағыстан темір жолында сейсенбі күні болған жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жарылғыш заттың қуаттылығы 60 келідей болған, деп хабарлайды РИА жаңалықтар агенттігі республикалық ІІМ өкілдеріне сілтемей жасай отырып.

Естеріңізге сала кетейік, сейсенбі күні Астраханнан астық әкеле жатқан пойыз өтіп бара жатқанда Кизляр ауданындағы Комсомол елді мекені мен Тарумов ауданына қарасты Новониколаевка елді мекенінің арасындағы темір жолда жарылыс болған. Алты вагон жолдан шығып кетіп, локомотивтер зақымданған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.