Дамаск Түркияның Сирияға басып кіргенін айыптады
22:35, 24 Тамыз 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирия Сыртқы істер министрлігі түрік әскерінің Сирияға басып кіруін ел егемендігіне қол сұғу деп айыптады, деп жазады ТАСС.
Сирия СІМ түрік әскерінің «ИМ» содырлары бақылауындағы Джераблус қаласына басып кіруін айыптады. Мұны Сирия үкіметі егемендікке қол сұғу деп бағалады.
«Сана агенттігі келтірген ресми дереккөз мәліметінде кез келген тарап Сирия жерінде лаңкестікпен күресті ел үкіметімен келісіп, Сирия араб әскерімен өзара іс-қимылда ғана жүргізуі тиіс екені айтылған.
Сирия Түркиядан бұл агрессияны тоқтатуға шақырды.