Дамаскінің орталығында күшті жарылыс болды

None
АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Дамаскінің орталығындағы Мидан ауданында күшті жарылыс болды, құрбан болғандар бар, деп хабарлады Утро.ру агенттігі шетелдік  БАҚ-қа сілтеме жасап.

Жарылыс бесін намазының алдында болды, оның күші қаланың әртүрлі аудандарында естілді. Журналистердің мәліметтеріне қарағанда, лаңкестік Сирияның қауіпсіздік күштері бөлімшелерінің біріне бағытталған. Оқиғаның салдарынан көптеген адамдар құрбан болды.

Бұл Дамаскіде соңы екі аптаның ішіндегі осымен екінші лаңкестік оқиға. 24 желтоқсанда жаңкешті-лаңкестер сириялық астананың орталығында екі машинаны жарып жіберген болатын. Бұл жарылыстарда 54 адам мерт болды, 166 адам жараланды.