Дубайдың полиция бастығы Израиль премьерін тұтқындауды талап етті
Полиция басшысы, жоғарыдағы қылмыстың артында Израиль барлауының тұрғанына сенімді болғандықтан, ол Израиль премьері мен арнайы қызмет басшысын тұтқындауға ордер беру туралы прокурорға сауал жасайтынын мәлімдеді, деп хабарлады РБК.
Израиль өкіметі әзірге бұл фактіні не растап, не теріс шығарып, ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ,
Наурыздың 1-інде Махмұд әл-Мабхухтың өлімінің мән-жайы мәлім болған еді. Дубай полициясының анықтауынша, жаналғыштар «Хамас» жетекшісіне алдымен бұлшық ет релаксантын еккен, сөйтіп оны өз өлімімен көз жұмғанға ұқсатып жастықпен тұншықтырып өлтірген.
Естеріңізге сала кетейік, Махмұд әл-Мабхухтің өлі денесі Дубай отелінің нөмірінде қаңтардың 19-ы күні табылған болатын. Израиль оны Ираннан Газ секторынан қару-жарақ жеткізілімін үйлестірумен айналысады деп айыптап келген еді.