Дзюдодан әлем чемионатында ел намысын қорғайтын құрам белгілі болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтетін дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының нақтылы құрамы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған дейін болжам бойынша ел намысын қорғайды деген спортшылардың есімдерін жариялаған болатынбыз. Бүгін Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі жарыста өнер көрсететін спортшылардың толық тізімін ұсынды.

Бұл біріншілікте ел намысын 18 дзюдошы (9 ер, 9 әйел) қорғайды. Ал жалпы әлем чемпионатында 131 мемлекеттен 782 дзюдошы қатысады деп жоспарланған.

Қазақстан Құрамасы:

Ерлер:

1. Елдос Сметов (60 кг)

2. Ғұсман Қырғызбаев (60 кг)

3. Азамат Мұқанов (66 кг)

4. Елдос Жұмаханов (66 кг)

5. Жансай Смағұлов (73 кг)

6. Әзиз Қалқаманұлы (81 кг)

7. Ислам Бозбаев (90 кг)

8. Максим Раков (-100 кг)

9. Ержан Шынкеев (+100 кг)

Әйелдер:

1. Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг)

2. Севара Нышанбаева (57 кг)

3. Анна Казюлина (57 кг)

4. Мариан Ордабаева (63 кг)

5. Ділбар Өмірәлиева (63 кг)

6. Зере Бектасқызы (70 кг)

7. Альбина Амангелдиева (-78 кг)

8. Зарина Райфова (-78 кг)

9. Гүлжан Исанова (+78 кг).