ЕАЭО құрылуы - Н. Назарбаевтың еуразиялық интеграция туралы идеясының іске асуы - ҚР Сенатының спикері
18:23, 19 Мамыр 2015
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - ҚР Праламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев РФ СІМ Дипломатиялық академиясының оқытушылық құрамы мен тыңдаушылары алдында сөйлеген сөзінде барша әлемдік қауымдастықтың назарын аударып жаңа геоэкономикалық шындыққа айналған Еуразиялық экономикалық одақ туралы идеяның туындауы жайлы әңгімеледі.
«Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясы жаңа геоэкономикалық шындыққа айналып, әлемдік қауымдастықтың назарын өзіне аудартты. Кеден Одағы аясында Қазақстан, Ресей, Беларусь бірлесіп құрған Одаққа Армения мен Қырғызстан қосылды, - деп атап өтті Қ. Тоқаев. - Одақтың құрылуы - 1994 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың айтқан Еуразиялық ннтеграция туралы идеясының іске асырылуы».