Екібастұзда балалардың «Балдәурен» ұйымының құрылтай жиыны өтті

None
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Екібастұз қаласында аймақтың 14 мыңнан астам жасөспірімінің басын қосып отырған «Балдәурен» республикасы» балалар мен жасөспірімдер ұйымының IV құрылтай жиыны өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өздерінің сайланатын президенті мен үкіметі бар «балалар мемлекеті» өңірде осыдан 9 жыл бұрын құрылған болатын. Бұл «мемлекеттің» азаматтары - игі істерге белсенді атсалысқан, білімге талпынған мектеп оқушылары.Үш жылда бір рет өткізілетін құрылтайға «балалар республикасының» аймақтары мен облыстық «Ертіс» балалар ұйымының жетекшілері жиналды. «Өнер» мәдениет орталығында өткен жиында делегаттар ұйымның жұмыс қорытындысын шығарды, белсенді жастарды мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапаттады. Дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінің балалары өз жетістіктері туралы әңгімелеп берді, жаңа идеяларымен бөлісті және алға қойған жоспарларын талқылады.