Екібастұзда жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу шаралары күшейтілуде
деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.
Өткен жылы Екібастұз өңірінде жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсу үрдісі байқалған болатын, деп хабарлады ішкі істер бөлімінен. 127 жасөспірім заңбұзушылық әрекеттерге барған, оның 52-сі - толық емес және жайсыз отбасыларында тұратындар. Ата-аналық міндеттерін атқармағандары үшін 23 әке мен ана құқықтарынан айрылды, 62 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 176 жайсыз отбасы есепке қойылды.
Профилактикалық шаралар мақсатында ішкі істер бөлімінің қызметкерлері педагогтармен бірлесіп жұмыс істеуде. Олар есепке алынған балалардың бос уақыттарын ұйымдастыруды қолға алып отыр. Оған қоса, барлық білім ошақтарында учаскелік инспекторлар жастармен құқықтық тақырыптарға әңгімелесулер өткізіп тұрады.