Екібастұзда жұмысшының үстіне кран құлап, 48 жастағы жігіт ағасы алған жарақаттардан оқиға орнында қайтыс болды
10:59, 07 Қаңтар 2012
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше кешке Екібастұзда электрдәнекерлеушінің үстіне кран құлап, 48 жастағы жігіт ағасы алған жарақаттардан оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 20.30 сағат шамасында Қонаев көшесінде орналасқан «ГАММА» ЖШС-нің тау жабдықтарын жөндеу өндірістік кешенінде болды.
Тиеу жұмыстары барысында кранның ілмегі үзіліп кетіп, 1963 жылы туған электрдәнекерлеуші Дегтяревтің басына құлаған.