Екібастұздың «Шығыс» резервінде кеншілер шеберліктерін шыңдады

None
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысындағы «Еуразиялық энергетика корпорациясы» АҚ-ның екібастұздылық «Шығыс» көмір разерзінің 25 жылдығына арналған «Өз кәсібінің майталманы» атты конкурстың қорытындылары белгілі болды.

«Мұндай конкурстарды біз жылда өткізіп отырамыз. Сайыс кеншілердің кәсіби шеберлігін арттырады», - дейді «Шығыс» разрезі бас инженерінің қызметін атқарушы Игорь Музычук.

№1 қазба жұмыстары учаскесінің ең үздік машинисті болып Зейнолла Кенжетаев танылды, екінші орынға Руслан Ғатаулин шықса, үйінді жұмыстары учаскесінің экскаваторшысы Сергей Орлов үшінші орынды қанағат тұтты.