Экономиканы жаңарту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мұнай-газ және ақпараттық технологияны дамыту бойынша салалық бағдарламалардың жобасы талқыланды
17:36, 25 Тамыз 2010
АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің жанындағы Экономиканы жаңарту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді.
Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Отырыста Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында жасалып жатқан Қазақстандағы мұнай-газ секторы, сондай-ақ ақпараттық технологиялардың дамуы бойынша салалық бағдарламалардың жобасы талқыланды.