ЕКПА Төрағасы ТМД елдері мен Еуропаның Жеңістің 65 жылдығына бірлескен шаралар даярлауын құптайды
«Біз ортақ тілде сөйлейміз, соның арқасында қауіпсіздік қатерлеріне бірге қарсы тұрамыз», - деді ЕКПА төрағасы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мерейтойына арналған Санкт-Петербордағы парламенттік конференцияда.
Мевлют Чавушоглу Петерборға Тавриялық сарайда ТМД-ға мүше-мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясы ұйымдастырған екі халықаралық конференцияға қатысу үшін арнайы келді. Бұл жиындар Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы мен қорытындыларына түрлі елдер өкілдерінің қарым-қатынасын айқындауға, сондай-ақ еуропалық қауіпсіздіктің болашағына арналған. Бұл кездесулерге ТМД елдері мен Еуропадағы парламенттер делегаттары қатысты.
Конференция қатысушылары қорытынды декларацияда әлемдік қауымдастықты «Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуді халықаралық қатынастардағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық ахуалын одан әрі нығайту үшін маңызды тарихи сәт ретінде қарастыруға» шақырды. Декларацияда Екінші әлемдік соғыстың қорытындыларын қайта қарастыруға тырысушылық, фашизмді ұлықтау мен кейбір елдерде ардагерлерді қудалау айыпталған.