Ел Үкіметі Жаңаөзен қаласын қалпына келтіруге резервтен 3 млрд. теңгеге жуық қаржы бөледі
18:48, 10 Қаңтар 2012
АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін ҚР Министрлер кабинеті «Қауырт шығындарға Үкімет қорынан қаржы бөлу туралы» қаулыны қабылдады.
Бүгін Үкімет отырысында аталған құжатты ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров таныстырды.
«Жобада Жаңаөзен қаласындағы нысандарды қалпына келтіру, техникалар, құрал-жабдықтар және материалдар сатып алу жұмыстарын жалғастыру үшін Үкімет қорынан 2 млрд. 849 млн. 204 мың 490 теңге бөлу қарастырылады», - деді ол.
Вице-министрдің айтуына қарағанда, осы қаржыға зардап шеккен әкімшілік ғимараттарды, іргелес елді мекендерді қалпына келтіру, мемлекеттік мекемелерді материалдық-техникалық жабдықтау және төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету кезіндегі мемлекеттік органдардың шығындарын өтеу көзделген.