Елбасы Кәсіпкерлер кеңесіне қарасты жұмыс топтарын құруды тапсырды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінгі Кәсіпкерлер кеңесінің алғашқы жиынында көтерілген мәселелер бойынша бірқатар жұмыс топтары құрылатын болады. Бұл Кәсіпкерлер кеңесінің жанындағы жұмыс топтарының біріншісі ресурстарға қолжетімділікті қамтумен айналысады. Бұны Үкімет басшысының Бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев басқарсын. Мемлекетке қайтарылатын дүниелермен осы топ айналысады. Ал қаржылық блок бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев басқаратын тағы бір топ құрылады. Әкімшілік кедергілерді жою бойынша жұмыс тобына - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов жетекшілік етеді. Сондай-ақ, қазақстандық қамту мәселесіне қатысты жұмыс тобын - Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешов басқарады», деді Елбасы.
Сонымен бірге, Президент жұмыс топтарының атқарған шаралары туралы есептері Кәсіпкерлер кеңесінің келесі отырысында тыңдалатынын атап өтті.