Елбасы Н. Назарбаевтың Украинаға сапары кезінде бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылмақ

None
А. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың келесі аптада Украинаға жоспарланып отырған сапарының барысында Қазақстан мен Украина арасында бірқатар өте маңызды құжаттарға қол қойылатын болады.

Бүгін бұл туралы Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейінгі брифингте Украинаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Олег Демин мәлім етті. Оның айтуынша, ол келісімдер екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге біраз уақыт бойы тұралап қалған қарым-қатынастардағы мемлекеттің де, бизнестің де рөлін арттыруға бағытталатын болады.

«Қайта жандандыру» деген танымал сөз бар. Қазақстан мен Украина қарым-қатынасының қазіргі жағдайына осы сөз өте сәйкес келеді. Бірақ бұл біздердің қарым-қатынасымыздағы дағдарыстың артта қалғандығынан емес, себебі біздердің байланыстарымыздың бұрынғы деңгейі екі елдің қоғамының сұранысына да, біздердің экономикалық мүмкіндіктерімізге де сәйкес келмейді. Сондықтан Қазақстан мен Украина арасындағы саяси, экономикалық, мәдени салалардағы, әсіресе жалпы адамзаттық байланыстардағы көтеріле бастаған қазіргі жайт қарым-қатынастарымызды жақсартатын мезгілдің келгенін, оны дамыту қажеттігін білдіреді. Бұл ретте біздердің Президенттеріміздің қызметтері жақсы мысал болып табылады. Олар соңғы жарты жылда 6 мәрте кездесті. Біз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың келесі аптада Украинаға жасайтын сапарынан үлкен үміт күтіп отырмыз», деді елші.