Елбасы украиналық бизнесмендері Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібін дамыту жобаларына қатысуға шақырды

None
СТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елбасы Н.Назарбаев украиналық бизнесмендерді Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібін дамыту жобаларына қатысуға шақырды.

Бұл ұсынысын Президент бүгін Ақордада украин басшысы В.Януковичпен болған келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында жасады.

Елбасы Қазақстанда үдемелі индустриялық- инновациялық даму бағдарламасы әзірленгенін айта келе: «биыл 144 жаңа өндіріс іске қосылады, 47 жобаны жүзеге асыру басталды. Бұлар әртүрлі салаларды: инфрақұрылымды, металлургияны, мұнай-газ кешенін, химия кешенін, құрылысты және басқа да салаларды қамтиды», деді.

Осы орайда Н.Назарбаев Қазақстанда украиндық компаниялар қатысатын жобалардың ауқымды тізімі бар екендігін атап көрсетті.