Елбасы Жолдауына байланысты білім ордаларында түрлі шаралар ұйымдастырылуда
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, Жолдаудан туындаған мақсат-міндеттерді түсіндіру мақсатында білім ордасында түрлі кездесулер болды. «Нұр Отан» ХДП мүшелері және ардагер ұстаздар Жолдаудың басым бағыттарына тоқталып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Шара аясында «Біз Елбасы Жолдауын қолдаймыз!» атты стенд жасақталды.
Колледж жанында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында учаскелік инспекторлар, оқытушылар, ата-аналар мен белсенді студенттерден құрылған қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Кеңесте студенттер Ата Заңның негізгі баптарымен танысып, енгізілген өзгерістерді меңгереді.
Оған қоса оқу орнында колледж директоры, педагогика ғылымдарының докторы, қалалық мәслихаттың депутаты Шалқыма Құрманалинаның авторлығымен болашақ маманның гуманизм, сыйластық, ар-намыс, ұлтжандылық сынды адамгершілік-рухани құндылықтарын дамытуға бағытталған «Жеке тұлғаны қалыптастыру моделі» жүзеге асуда. Аталмыш әдістің республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданып, еліміздің өзге өңірлеріне кеңінен тарағанын айта кеткен жөн.