Елеусіновтің промоутері жеңіліп көрмеген ресейлік боксшымен келісімшарт жасады
16:08, 13 Маусым 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік боксшы Дмитрий Бивол Эдди Хирннің промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Қырғызстан тумасы Бивол (13-0, 11КО) 79,4 келіге дейінгі салмақ санатында WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы. Кеше ол MatchRoom компаниясымен келісімге қол қойған, BoxingTalk хабарына қарағанда, DAZN онлайн-стриммингінде өнер көрсетеді.
Айта кеткен жөн, Хирн компаниясында Елеусінов пен Биволдан басқа ТМД елдерінен ешкім жоқ.
Еске сала кетейік, жуырда Данияр Елеусінов Лондонда өткізген екінші жекпе-жегінде венгриялық Золтан Шабоны жеңген болатын.