Елімізде 2014 жылға қарай нормативтен тыс ысыраптарды толық жою күтілуде
Оның сөзіне қарағанда, осыдан барып экономикалық тиімділік электр желілерінде - 671,8 млн. кВт/сағатты немесе 4,4 млрд. теңгені, жылу желілерінде - 3,8 млн. Гкалды немесе 8,8 млрд. теңгені, су шаруашылығы желілерінде - 105,0 млн. текше метрді немесе 0,65 млрд. теңгені құрайтын болады. «Бағдарламаның мақсаттарының бірі - электр энергиясын және суды үнемдеуге негізделеді, оған қол жеткізетін құрал - сараланған тарифтерді енгізу болып табылады», деді Н. Алдабергенов.
Бұл ретте бүгінгі күнге республикада электр энергиясына сараланған тарифтер тұтыну көлеміне қарай және тәулік зоналары бойынша қолданылатынын айтқан ол: «Осы жұмысты жүргізу нәтижесінде электр энергиясын шамамен 150 млн. квт/сағатқа, отынды шамамен 30 мың тонна көмірге үнемдеу, ластаушы заттар шығарындыларын шамамен 13,5 мың тоннаға төмендету, сондай-ақ тұтынушы қаражаттарын шамамен 2,1 млрд. теңгеге үнемдеу көзделуде», деді.