Елімізде жер учаскесіне құқық беру мерзімі 1,5 айға дейін қысқарады - С.Нокин
13:35, 22 Қаңтар 2013
АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстанда жер учаскесіне құқық беру мерзімі 1,5 айға дейін қысқарады.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.
Оның атап өтуінше, Жер кодексінің 43-бабына сәйкес жер телімін беруге арналған өтінімді қараудың жалпы мерзімі 2 айға дейінгі уақытты құрайды. Бірақ жерге нысан салу жобасын әзірлеудің нақты мерзімі болмауы салдарынан бұл мәселенің шешімі 6 айдан бастап одан да ұзақ мерзімге созылуы да мүмкін.
«Бұл мәселеге қатысты бірыңғай пікір қалыптасқан жағдайда нысан салу үшін жер теліміне құқық беру процесін 1,5 айға дейін қысқартуға болады», - деді ол.