Еліміздегі техникалық жоғары оқу орындарында «Энерготиімділік және тұрақты даму» атты жаңа пән енгізілмек

None
АЛМАТЫ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Таңжарық Ілиясұлы/ -Болашақта еліміздегі техникалық жоғары оқу орындарында «Энерготиімділік және тұрақты даму» атты жаңа пән енгізіледі.
Бүгін Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да осы пәннің енгізілу мәселелеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Семинар Шеврон компаниясы мен оның серіктес университеттерінің әлемдік білім беру бағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы техникалық білім саласына жаңа пәнді енгізу және осы бағытта Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың тәжірибесін тарату мақсатында өткізілді. Осыған дейін ҚазҰТУ-дың 40-тан астам профессор-оқытушылары оқу үдерісіне энерготиімдік пәнін енгізу бағдарламасын жасаған болатын. Жоба мамандары 40-қа жуық оқу бағдарламасын дайындады. Олар осы бағытта студенттер арасында арнайы конкурс та жариялаған еді. Бүгінгі шара барысында ең үздік студенттер марапатталды. Олар өз идеяларын ҚазҰТУ жатақханасында және университеттің бас ғимаратында іске асырып, энергияны үнемдеудегі тиімді шараларды қамтуға БҰҰДБ-нан гранттар алды.Мамырдың 1-не дейін жалғасатын семинар жұмысына қазақстандық 30 техникалық ЖОО өкілдері қатысуда.