Елімізде мопедтерді тіркеу мерзімі белгіленеді
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қазақстанде мопедтерді тіркеу қалай іске асырылатынын түсіндірді.
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Айтуар Қошмамбетов мопедтерді тіркеу рәсімен қатысты сұрақ қойды.
«Заң жобасында қозғалтқышының көлемі 50 текше сантиметрден аз мопед сияқты көлік құралдарын тіркеу ескерілген. Бейресми деректерге сүйенсек, бір ғана Алматыда олардың саны 20 мыңнан кем емес. Көптеген курьер мен кәсіпкерлер өз қызметін мопедтер арқылы жүзеге асырады. Бір реттік тіркеу кезінде Ішкі істер министрлігі органдары мен тіркеуші ұйымдарда ұзын-сонар кезек болмай ма?», - деп сұрады депутат.
Өз кезегінде И. Лепеха тіркеу жасау үшін тиісді мерзім қарастыралатынын айтты.
«Расында да, заң күшіне енгенше 60 күн уақыт беріледі. Дегенмен 60 күнде үлгермеуіміз мүмкін, яғни дүрбелең болуы ықтимал. Жұмыс тобының аясында қолайлы мерзімдерді белгілеуді талқылап жатырмыз. Сондықтан дүрбелең немесе сыбайлас жемқорлыққа жол бермес үшін тиісті мерзімдер белгіленеді», - деді И. Лепеха.
Оның айтуынша, мопедтерді есепке қоюдың регламенті әзірленеді.
«Негізінен олар (мопедтер) елімізге тауар ретінде келеді, яғни құжаттары жоқ. Тек кассалық чек қана беріледі. Сондықтан, тексеру жүргізіліп, көлікті тексеру актісі жасалады деп шештік. Жеке кодты анықтаймыз. Егер код болмаса, оны өзіміз береміз. Азамат мемлекеттік баж салығын төлейді - 0,25 АЕК. Өтініш жазып, жеке куәлігін ұсынады. Осыдан басқа құжат көрсетпейді. Сондықтан мопедті тіркеу қымбатқа түспейді деп санаймыз», - деді ІІМ министрінің орынбасары.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Мәжілісте мопед жүргізушілеріне жаңа талаптар қоятын заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.