Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескеруту жарияланды

Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы еліміздің бірқатар өңіріне ауа райына байланысты ескерту жариялады.

20 шілдеде күндіз Маңғыстау облысында 38-40 градус ыстық. Төтенше өрт қаупі сақталады.

20 шілдеде күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

20 шілдеде күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, жел соғады, түнде облыстың тау асуларында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында желдің күші 15-20 метрге жетеді, екпіні 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 42 градус ыстық. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл тқрады. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 25 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

20 шілдеде Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

20 шілдеде түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

20 шілдеде түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус ыстық. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

20 шілдеде Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде кей уақытта екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

20 шілдеде түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

20 шілдеде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

20 шілдеде Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша 35-39 градус ыстық. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

20 шілдеде түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

20 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында 35-36 градус ыстық. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

20 шілдеде Павлодар облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

20 шілдеде түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

20 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысында 35-37 градус ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

20 шілдеде Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Осыған дейін Абадан әлемдегі ең ыстық қалаға айналғаны туралы жаздық.