Елорда іргесінде қураған ағаш өртеніп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елорда іргесінде қураған ағаш өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қураған ағаштың өртеніп жатқаны жайлы хабарлама өрт сөндірушілерге бүгін сағат 09:12-де түскен.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде Қорғалжың тасы жолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жолдың арасында қураған ағаштың өртеніп жатқаны анықталды. Қазіргі уақытта жеке құрамның 15 маманы мен 3 техникасы өртті сөндіріп жатыр», - деп атап өтеді департаменттен.

Қазіргі уақытта біраз жерді шарпыған өртті сөндіруге ұйытқи соққан қатты жел, батпақты жер, сонымен қатар барар жолдың жоқтығы кедергі келтіріп тұр. Қазгидромет мәліметінше, желдің екпіні секундына 16 метрге дейін жетеді. Кешке қарай жаңбыр жаууы мүмкін.