Елордада «Азаматтық сектормен партиялық ынтымақтастықтың перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

None
АСТАНА. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалында «Азаматтық сектормен партиялық ынтымақтастықтың перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Алқалы жиын барысында елорданың саяси партиялары мен азаматтық қоғам институттары арасындағы ынтымақтастық мәселесі, сондай-ақ олардың ынтымақтастығының заңнамалық сипаттарындағы, қызметтеріндегі туындайтын жайттар талқыланды.

«Нұр Отан» ХДП» Астана қалалық филиалы басқа да саяси партиялармен және елордалық үкіметтік емес ұйымдармен арадағы өзара қарым-қатынастарды дамыту перспективаларын анықтау және «кері байланыс» орнатуды, сондай-ақ елорданың, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту мәселелері бойынша мүмкін болатын өзара іс-әрекеттер саласын талқылауды мақсат тұтты.

Аталған партия төрағасының орынбасары Мұхтар Еркетаевтың басшылығымен өткен отырысқа елордадағы үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, Астана қалалық ішкі саясат басқармасының өкілдері, «Нұр Отан» ХДП» Астана қалалық жастар мәслихатының депутаттары қатысты.