Елордада «Көктемгі тосын сыйлық» атты жәрмеңке ашылды
Алдағы Халықаралық әйелдер мерекесіне орай өткізіліп отырған іс-шараға алыс және таяу шет елдердің, атап айтқанда, Испания, Италия, Ресей, Германия, АҚШ, Түркия, Үндістан, Пәкістан, Моңғолия, Өзбекстан сынды мемлекеттердің, сонымен қатар отандық компаниялардың өндірген зергерлік бұйымдарынан бастап, косметикалар, ыдыс-аяқтар, киімдер, кәдесыйлар сияқты сан түрлі өнімдер қойылған.
Жоба директоры Дана Морозованың айтуынша, осымен елорда төрінде төртінше мәрте өтіп отырған көрмеге 60-ге жуық тауар өндіруші өз өнімдерін әкелген.
«Елорда тұрғындары бұл жәрмеңкені жыл сайын асыға күтеді. Себебі бұл жерден қалаған затыңды сатып алуға мүмкіндік мол. Жалпы біздің басты мақсатымыз - елорда тұрындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау», дейді жоба директоры.
«Көктемгі тосын сыйлық» атты жәрмеңке наурыздың 1-іне дейін жалғасады.