Елордада жеке тұрғын үйде 16 жастағы бойжеткен иіс тиіп уланып қалды

None
АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Елордада жеке тұрғын үйде 16 жастағы бойжеткен иіс тиіп уланып қалды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өтуінше, кеше Астана қаласының Сарыарқа ауданында жеке тұрғын үйдің қатты отынмен жанатын пешінің ақауы салдарынан иіс тиіп уланған 1995 жылы дүниеге келген қыз ауруханаға жеткізілді.