Есірткі саудасын ұйымдастырды деп күдік келтірілген әйел Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды

Видеодан алынған кадр
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда есірткі айналамына қатысы бар деп күдік келтірілген әйел Түркиядан елге эстрадицияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Түркия Республикасының Әділет министрлігі есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сату мақсатында заңсыз сақтағаны үшін күдікті деп танылған әйелді беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды.

Істі тергеу барысында күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Бүгін Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін елге экстрадициялады.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына жатыр.

«Аталған қылмысты жасағаны үшін ол мүлкі тәркілене отырып, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін»,-делінген хабарламада.